Шымкентте жылыту маусымы 1 сәуірде аяқталады

27
фото Ашық дереккөз

Алдағы күндері күн суытады, сондықтан пәтерлерде жылу 31 наурызға дейін өшірілмейді дейді жылуберушілер. «Қуатжылуорталығы-3» МКК мамандары «2023-2024 жылдарына арналған  жылыту маусымы» Шымкентте 1 сәуірде аяқталады.

Айта кететін жәйт, мегаполисте жылу беру маусымы былтыр алдағы жылдарға қарағанда ертерек, яғни 20-шы қазанда басталды. Өйткені күн суып, тұрғындар  жылуды қосу жөнінде өтініш жасаған болатын.

Жылыту маусымы аяқталуға жақын, алайда тұтынған жылуға төлем жасауға асықпайтын жерлестеріміз де бар көрінеді. Жылуберушілердің деректері бойынша қазіргі таңда жеке тұлғалардың   965 миллионнан астам  теңге көлемінде қарызы жиналып қалған.