Бүгін 1 қазан — Халықаралық қарттар күні. Осыған ора, Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Рысбай Исамудинді қарттар күні мерекесімен құттықтады.
Сондай-ақ, қала басшысы бастаған шенеуніктер ардагерлердің шаңырақтарына арнайы барып, сый-құрметке лайық жандардың көңілін аулады. Бүкіл өмірін қажырлы еңбекке арнаған қарттарға құрмет көрсетіп, естелік сыйлықтар тарту етті. Билік өкілдері тыл ардагері Нина Лычагинаның да отбасында болып, ардагерге жылы лебізін білдірді.
Мақпал Рысбаева