Түркістан облыс орталығы мәртебесіне ие болғаннан бері мұнда әлеуметтік, мәдени, спорт және тұрғын үй құрылысы қызу жүргізілуде.
«Сырдария» тұрғын үй кешенінің құрылысы былтыр наурызда басталып, биыл пайдалануға 9 көпқабатты үй тапсырылса, жылдың соңына дейін қалған 6 -ы дайын болады.
Әрбір көпқабатты үйде 2-3 бөлмелі жалпы 25 пәтер бар. Пәтерлердің 1 шаршы метрі көпбалалы, аз қамтылған отбасылары үшін 180 мың теңгеден, ал инвестордың есебінен сатылатын пәтерлердің шаршы метрі 200 мың теңгеден жоғары.
Екі тұрғын үй кешеніндегі бой көтерген 44 көпқабатты тұрғын үйдегі 1418 пәтер кезекте тұрған және баспаналы боламын деген азаматтарға үлестіріледі.
Шынар Оразова