Түркістан сарайында «Нұр Отан» партиясының Шымкент қалалық филиалының кезектен тыс 40-ші конференциясы өтті.
Шаһардағы 47 бастауыш партия ұйымындағы 35 мыңнан астам партиялықтардың арасынан сайланған делегаттар бүгін ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттығына үміткерлер мен қалалық мәслихат депутаттарын таңдады. Айта кететін жәйт, қалалық мәслихат депутаттығына 9 жерлесімізді квота арқылы төраға- қала әкімінің өзі ұсынған болатын.
ҚР Парламенті Мәжіліс депутаты мандатына Шымкенттен 8 үміткер күресуде. Сайлауалды бағдарламаларын партиялас әріптестері алдында қорғаған олар сайланған бойда атқаратын жұмыстарының бағытын баяндауда. Ашық түрде өткен пікір сайысқа қаныққан делегаттар фойеде арнайы орнатылған 30 кабинада өз таңдауын жасауға мүмкіндік алды..
Конференцияға қатарында 35 мыңнан астам партия мүшесі бар Шымкент қаласындағы 47 бастауыш партия ұйымынан 119 делегат қатысты. Саяси шара сақтық шаралары орындалып жоғары деңгейде өткеніне куә болдық. Таңдау жасауға Қаратау ауданынан бастап шаһардағы аудандардан сайланған делегаттардың дауысын көп жинаған Мәжіліс депутаттығына 4 үміткер анықталды.
Конференция барысында Шымкент қалалық мәслихатының депутат мандатына лайықты азаматтардың есімі жария етілді. Сонымен қатар, халық тағатсыздана күткен қала әкімінің квотасы бойынша қалалық мәслихатқа депутат болған 9 азамат белгілі болды.
Шынар Оразова