Сарыағашта аса ірі көлемдегі контрабандалық дәрілер тәркіленді

143

Түркістан облысында аса ірі көлемдегі контробанданың жолы кесілді. Есірткіге қарсы күрес басқармасы мен Сарыағаш аудандық полицейлері дәрі-дәрмекке толы жүк көлігін анықтап отыр.

Фургон толы препараттар 254 қорапқа салынған екен. Құжаты жоқ дәрі-дәрмектің жарамдылық мерзімі де өтіп кетіпті. Жүргізушінің сөзінше Сарыағаштан Түркістан қаласына дейін апаруға Шымкент тұрғынымен келісіпті.

Құны 34 миллионға бағаланған тауар Өзбекстан азаматына тиесілі болған. Тәркіленген дәрілер ішінде: бисокодил, бисептол, кетонал, глицин, вольтарен, попадол және басқа ем-дом құралдары болған. Енді осы зияны болмаса пайдасы жоқ медициналық препараттар жойылатын болады.

Салтанат Қаракөзова, Түркістан облысы ПД баспасөз хатшысы: «Дәрі-дәрмектерді Ресей Федерациясынан Өзбекстанға алып бара жатқан. Дәрі-дәрмектердің пайдалану уақыты да өтіп кеткені белгілі болды. Қазіргі таңда бұл жәйт Сарыағаш АПБ-да тіркелді, тексеру жұмыстары жалғасуда».

Ғалымжан Кенжебек