«Түркістандағы халықаралық туризм университеті студент қабылдауға дайын емес». Бұл туралы бүгін сенат отырысында айтылды. Депутат Әлімжан Құртаевтың айтуынша оқу ордасына ғимараттар бөлінгенімен, оның іші жабдықталмаған.
Іші қаңырап бос тұрған ғимараттың студенттерді қабылдауға дайын еместігін айтқан шенеунік бір масқарадан пандемияның құтқарғанын айтады.
Әлімжан Құртаев, ҚР Парламент сентанының депутаты: «Коронавирус пандемиясы іс жүзінде үлкен жанжалдан құтқарды деуге болады. Себебі аталған студенттер онлайн режимде оқып жатыр. Бізді таң қалдырған жағдай — осы уақытқа дейін аталған университет ғимараттарын жабдықтауға бюджет қаражатын бөлу мәселесі шешілмегендігі болып отыр».
Айта кетейік, елбасы тапсырмасымен ашылған Түркістандағы алғашқы туризм университетіне биыл 800 грант бөлінген. Онлайн жүйе арқылы оқытып жатқан университетте барлығы 588 студент білім алуда. Ал, университет ғимаратының саны 4-еу. Екеуі жаңадан бой көтерсе, екеуі жөндеуден өткен.
Назерке Үкібасова