Бөтеннің мүлкін ұрлау қылмыстарының дер кезінде ашылуы бойынша Түркістан облысы республикада алдыңғы қатарда.
Бірақ та Қылмыстық Кодекске » Мал ұрлығы» бабы жеке бөлектеніп енгізілгеніне қарамастан, ауылдарда барымташылар кәсібін тоқтатар емес. Облыс әкімі мал ұрлығына тосқауыл қоюда ауыл әкімдері мен полицияның бірігуін тапсырды. Сараптамаға сәйкес, қылмыстың бұл түрінің 62 пайызы жайылым жерде орын алады екен.
Түркістан облысы әкімдігі жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссия мәжілісінде мал ұрлығының жасалу тізбегі бойынша жұмысты күшейтіп, мал базарларындағы талапты қатайту жүктелді. Жиында облыс аумағында қараусыз және табылған малдарды ұстауға арналған орындардың санын арттыру бойынша ұсыныс та жасалды.
Шынар Оразова