Түркістан облысының тұрғынынан 16 калибрлі шолақ мылтық тәркіленді

36

Түркістан облысы ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары кезінде, үйінде атыс қаруы мен оқ-дәрілерді заңсыз сақтаған Кентау қаласының тұрғынын анықтады.

Нақтырақ айтсақ, жедел уәкілдер күдіктінің үйінде шұғыл тінту іс-шараларын жүргізіп, оның шаруа қожалығынан 16 калибрлі шолақ мылтық пен оқ тәркіледі. Алынған заттай дәлелдемелер сараптамаға жіберілді.
Полицейлер бұл жайтты ҚР ҚК 287-бабы «Қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру» бойынша тіркеді. Бүгінгі күні қаруды заңсыз сақтау дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Оқиғаның толық мән-жайы анықталуда.