Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтады

112
фото inform.kz

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ел халқын Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Барша отандастарымызды Тәуелсіздік күнімен құттықтаймын! Келесі жылы ел тарихының мерейлі 30 жылдығын атап өтеміз. Біз – бірлігі бекем, іргесі мығым елміз. Қасиетті Отанымыз, Тәуелсіз Қазақстанның игілігі үшін еңбек ету – қастерлі парызымыз», – деп жазды Мемлекет басшысы Twitter-де. Бүгін қазақстандықтар Тәуелсіздік күні мерекесін атап өтуде.