«SHANYRAQ» орталығында мүгедектік алу мүмкіндіктері қарастырылды

205

«SHANYRAQ» Отбасы институтын қолдау орталығына келушілер саны артып келеді. Кеңес алуға келушілер өздерін толғандырған мәселеге қатысты түрлі сала өкілдерімен кездесіп, сұрақтарына жауап алуда.

Осындай кездесулердің бірі ЕӘҚКҚҚ Шымкент қ. бойынша департаментінің (ВТЭК) бөлім басшысысымен және қаладағы 12 емхананың мамандарымен өтті.

Орталыққа денсаулық жағдайына қатысты хабарласқан 19 азаматтың мәселесі кездесу барысында дөңгелек үстел форматында талқыланып, шешу жолдары қарастырылды.
Құзырлы мекеме өкілдеріне қойылған сауалдардың көпшілігі – мүгедектік рәсімдеудің қиындығы. Өндірістік жарақаттан соң денсаулығынан айырылған ер азамат, созылмалы астма ауруынан зардап шегетін науқас, есту қабілеті нашар бала, сөйлеу қабілеті бұзылған бес баланың әкесі және өзге де түрлі қиындықтары бар тұрғындар рет-ретімен өз мәселесін баяндап, жеке кеңес алды. Әр емхананың мүгедектік рәсімдеумен айналысатын комиссия өкілдері науқас азаматтарға сырқат түріне қарай қандай заңды шешімдер бар екені жөнінде түсіндіріп, мүгедектік алу мүмкіндіктері туралы баяндады.
Кездесуге келушілердің мәселелері Орталық мамандарының бақылауында болып, шешімін тапқанға дейін байланыс үзілмейтіндігі айтылды.

Айта кетсек, «Шаңырақ» орталығы Қаратау, Еңбекші ауданы бойынша Бәйдібек би даңғылы, 32 а мекенжайында, Абай, Әл-Фараби ауданы бойынша Әл-Фараби алаңы, 3/2 мекенжайында орналасқан.

QAINAR KÓZШымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі