«Шлакоблокпен адам өлтірген»: Айыпталушылардың ең кішісі – 15 жаста

168

Шымкентте басына шлакоблок құлап, көз жұмған студент ісіне қатысты сот жалғасып жатыр. Атышулы қылмыстық істің бүгінгі отырысында айыпталушылардың ең кішісі жауап берді.

15 жастағы жасөспірім адам өлімімен аяқталған төбелестің ерегістен басталғанын айтады. Сөзінше бір ауылдың жігіттері біраздан бері ерегесіп жүрген. Және адам өлімімен аяқталған төбелеске дейін де жаға жыртысқандарын жеткізді.


Айыпталушы «Сөйлесіп тұрған едім, ерегісіп, төбелесіп кеттік» деді. Сол сәтте Нұржан да айтып қалды Уткуров Абзалдың басын таспен ұрдым деп. Бірақ, қалай ұрғанын, немен ұрғанын кейін жағдайдың не болғаны айтылған жоқ. Сосын полицейлер дауысы шығып, үйге қаштық. Балдармен төбелеске барып, кешігіп қалдым деп, анамды жұбатып, өзім де жатып ұйықтап қалдым».

Еске салайық, осыдан 7 ай бұрын Шымкенттегі Маятас елдімекенінде бозбалалар арасында төбелес болып, соңы қайғылы жағдаймен аяқталған еді. Текетірес кезінде ауыр жарақат алған Абзал Уткуров бір аптадай жансақтау бөлімінде жатты. Бірақ, 17 жастағы студент есін жимаған күйі жан тапсырды. Бұған дейін марқұмның ағасы Абзалға 10 жігіттің жабылғанын айтқан еді. Қазір сот алдында 5 айыпталушы жауап беруде.

АЙЫПТАЛУШЫНЫҢ ҚОРҒАУШЫСЫ: «Протоколда былай жазғансың. Бір уақытта Ибраев Нұржан жерде жатқан Уткуров Абзалбектің жанына келіп, жерден үлкендеу келген шлакоблокты кеуде тұсына дейін көтеріп, Абзалбектің басына тастап жіберді деп. Осыны сіз айттыңыз ба? Тергеуші өз тарапынан жазды ма?».


АЙЫПТАЛУШЫ: «Ол жерде Ақтөре Абылай бәрі көрді сен қалай көрмейсің деді. Мен естідім дедім. Естігенімді жазып берейін дедім».

Назерке Үкібасова