Шымкентте өнеркәсіптік өнім көлемі 523 млрд. теңгеге жетті

91

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов ҚР Президенті жанындағы орталық коммуникациялар қызметінде баспасөз конференциясына қатысуда. Баспасөз жиынында қала басшысы ҚР Президентінің «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: Іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына Жолдауының жүзеге асырылу барысы және қаланың әлеуметтік экономикалық даму жағдайын баяндауда.

– Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Жарлығымен Шымкент қаласының республикалық маңызы бар қалалар санатына қосылғанына 2 жылдан астам уақыт өтті.

Елбасы Жарлыққа қол қояр алдында Шымкенттің тек біздің елдің ғана емес, тұтас Орталық Азия аймағының дамуына ықпал ететін орталық болатынын атап өткен болатын.

Қазіргі күні бұл тарихи шешім қаламыздың болашағы үшін үлкен мүмкіндік ашты.
Осыдан 2 жыл бұрын өнеркәсіп өнім көлемі 319 млрд.теңге болса, бүгінгі күні 523 млрд.теңгеге жетті. Республикалық статус алғалы бері қалаға 1 трлн.теңге инвестиция тартылды. 1,3 миллоннанастам шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Белсенді кәсіпкерлердің үлесі 71 пайыздан 88 пайызға жетті. Қала бюджеті 131,2 млрд.теңгеден 455,4 млрд.теңгеге дейін ұлғайды, – деді шаһар басшысы.