«Төлемнің» істен шығу себебі…

125

Күні кеше қаладағы қоғамдық көліктердегі «ТӨЛЕМ» жүйесін қабылдау барысында интернет байланыстарының салдарынан ақау болған болатын. Жүйедегі кедергілерді анықтау нәтижесінде еліміздің барлық өңірлерінде осындай олқылықтардың кездескені және негізгі себебі Нұр-Сұлтан қаласында өтіп жатқан «Киберқауіпсіздік – 2020» оқу-жаттығу салдарын екені анықталды.

Бұл туралы бүгін Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Ақпараттық қауіпсіздік комитетінің басшысы Руслан Әбдіқалықов брифингте мәлімдеген.

«Электрондық үкіметтің әрбір ірі ақпараттандыру объектісі, бұл қаржы секторына да қатысты, үнемі түрлі кибершабуылдардың ықпалында болады. Жыл сайын ақпараттық қауіпсіздіктің миллиардтаған оқиғалары тіркеледі. Тек осы жылдың өзінде төрт миллиардқа жуық оқиға мен 200 миллионға жуық кибершабуыл болды. Осы тұрақты теріс әсерден басқа, пандемия және қашықтағы жұмыс құралдарына көшу кезеңінде сандық инфрақұрылымға жүктеме күрт өсті. Біз бұған дайын болмадық.
Шараның мақсаты мемлекеттік органдарды, ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі бөлімшелерді, туындайтын қатерлерге қарсы тұрудың аса маңызды ақпараттандыру объектілерін тексеру болып табылады. Шартты бұзушыларға экстремистік және діни ниетпен электрондық үкіметтің ақпараттандыру объектілеріне, ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілеріне жаппай DDoS-шабуылдар жасалады, Мемлекеттік интернет-ресурстарды бұзуға әрекет жасалады, әлеуметтік желілерде дұрыс емес ақпарат таратылады, фишинг және зиянды бағдарламалық қамтамасыз етуді тарату әрекеттері жасалады. Осыған байланысты кибер жаттығулар ұйымдастырылған болатын. Орын алған қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз».

QAINAR KÓZШымкент Транспорт Басқармасы