wrm_bot:Су арнасы чат-ботын іске қосты

133

Бір миллионнан астам тұрғыны бар Шымкент қаласының тұрғындарына мен көршілес Сайрам ауданының бірқатар елдімекендерін ауыз сумен қамтамасыз ететін «Су рес-урстары – Маркетинг» ЖШС тұтынушылармен байланысты оңтайландыру үшін Telegram мессенжерінде чат-ботын іске қосты. Чат-ботты «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС бас директоры Анарбек Орман қалалық және республикалық БАҚ өкілдерімен кездесуінде таныстырып, компанияның қазіргі жағдайы, енгізіліп жатқан инновациялар мен тарифтер туралы айтты.

Бас директор тариф мәселесіне тоқталды. Соңғы тарифтік смета 2016 жылы бекітілген. Бірақ бес жыл төмендетіп келеді. Келесі тарифтік сметаны қарау 2021 жылдың шілдесінде өтеді екен.
Қазір «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-нің абоненттік базасын түгендеу жұмыстары жүргізіліп, бітуге таяп қалыпты.
Абоненттік базаны түгендеу типтік қызмет көрсету жеке келісімшарттарын қайта жасасуды қарастырады. Дилерлік учаскелердің өкілі абонеттерге барады. Пайдаланушылардың ешқайда бару қажеті жоқ. Келісімшартты қайта жасасу кезінде абонентте жеке куәлік пен жылжымайтын мүлікке меншік құқығын растайтын құжат болуы тиіс (egov.kz-тен меншік құқығы туралы анықтама).
Осыдан кейін абонент сумен жабдықтау және су бұру қызметтері үшін төлем құжатын (түбіртекті) алу әдісін таңдауға мүмкіндік алады. Түбіртек екі түрлі: қағаз және электронды түрде болуы мүмкін.
Тұтынушылардан Telegram және WhatsApp қосымшалары арқылы электрондық түбіртектерді алуға байланысты қосымша келісім жасасу сұралады.
Міне, осы тұста абоненттерге ыңғайлы болуы, уақыт пен қаржыны үнемдеуі үшін де Telegram және WhatsApp мессенжерлерінде чат-бот енгізіліп жатыр екен. Тұтынушылардан Telegram және WhatsApp қосымшалары арқылы электрондық түбіртектерді алуға байланысты қосымша келісім жасасу сұралады.
Кешегі кездесу барысында Telegram-дағы wrm_bot чат-ботын таныстырды. Абоненттер бұл чат арқылы төлем құжаты мен түрлі хабарламалар алады, сонымен қатар суды тұтыну бойынша көрсеткіштерді жіберуіне болады.
Бүгінгі мақаламызда осы wrm_bot чат-ботын пайдалану нұсқаулығын түсіндіреміз.
Чат-ботпен жұмыс істеу үшін Telegram мессенджерінің іздеу жолағына wrm_bot сөзін жазып, чат-ботты тауып аламыз.
Содан кейін START (Егер сізде Telegram мессенджерінің қазақ тіліндегі нұсқасы орнатылған болса, БАСТАУ сөзін шертеміз – авт.) батырмасын шертеміз.
Содан кейін чат-боттың жұмыс тілін, яғни қазақ не орыс тілдерінің бірін таңдаймыз.
Тіл таңдағаннан кейін абонент түрін, яғни жеке тұлға не заңды тұлға екенін таңдау ұсынылады.
Жеке тұлға болсаңыз, Жеке тұлға ны таңдаймыз.
Абонент түрін таңдағаннан кейін Абоненттің дербес шот нөмірін енгізуді сұрайды.
Дербес шот нөмірін енгізгеннен кейін ботқа тіркелудің екі нұсқасын ұсынады:
1. Үй нөмірін енгізу;
2. Телефон нөмірін енгізу;
Ыңғайлысын таңдап, сәтті тіркелу жасалғаннан кейін абонент реквизиттері туралы мәлімет экранға шығады.
Ашылған терезеден барлығы алты түрлі қызмет ұсынылады. Қажеттісін таңдап, қызметті пайдалана бересіз.
Басқа абонент ретінде де кіру қарастырылған.
Жеке тұлғаға чат-ботта ұсынылатын қызметтер:
1. Жиынтық мәліметтер – дебиторлық қарыз жағдайы мен төлем туралы деректер;
2. Online-төлем – (Кез келген банк картасы арқылы төлем жасау (VISA, MasterCard, Maestro, Cirrus төлем жүйелері)
3. Есептеу құрылғылары – Жеке есептегіш құралдары туралы мәлімет, жоспарлы тексеру, көрсеткіші бойынша ақпарат;
4. Фото-көрсеткішті жіберу – алынған көрсеткішпен келіспеген жағдайда есептегіш құрылғыдағы көрсеткішті фотосуретке түсіріп, жолдау;
5. Профиль – мобайл телефон нөмірі, электронды пошта мәліметтерін жіберу;
6. Түбіртек – есептесу айына хабарлама-шот
Ал Заңды тұлға болсаңыз, онда дербес шот орнына келісімшарт нөмірін жазу керек. Сонда тіркелген телефон нөміріне SMS-хабарлама келеді. Чат-ботқа тіркелу үшін SMS-хабарламадағы код нөмірін енгіземіз.
Сәтті тіркелсе, келісімшарт реквизиттері экранға шығады. Мұнда да алты түрлі қызмет ұсынады.
Заңды тұлғаға чат-ботта ұсынылатын қызметтер:
1. Жиынтық мәліметтер – баланс туралы мәлімет, төлем бойныша ақпарат
2. Атқарылған жұмыстар актісі – өткен есептесу айына атқарылған жұмыс туралы ақпарат;
3. Салыстыру актісі – ағымдағы жылдағы кезең бойынша
4. Төлем шоты – келісімшарт бойынша
5. Фото-көрсеткішті жіберу – алынған көрсеткішпен келіспеген жағдайда есептегіш құрылғыдағы көрсеткішті фотосуретке түсіріп, жолдау;
6. Есептеу құрылғылары – Жеке есептегіш құралдары туралы мәлімет, жоспарлы тексеру, көрсеткіші бойынша ақпарат;
«Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС өндірістік процестерді цифрландыруды енгізуді жалғастыра түспек. «Smart-Maman» мамандандырылған оқу орталығында менеджмент пен орта буын кадрларын даярлау белсенді түрде жүргізіліп жатыр.
Мұның барлығы қала тұрғындарының сумен жабдықтау және су бұру саласында сапалы қызмет алуы үшін жасалып отыр.

Жәнібек НҰРЫШ

«Оңтүстік Рабат», №51-52, 17 желтоқсан 2020 ж