ҚР ИИДМ «Жол қозғалысы туралы» заңға енетін түзетулер дайындап жатыр. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі әзірлеген құжатта «Жол қозғалысы туралы» заңның 23-бабы, 1-тармағын ақылы жолдарды қолдану бойынша қарызы бар тұлғаларға мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартуды көздейтін 9-1-тармақшамен толықтыруды ұсынды.
Одан бөлек министрлік аталған заңның 68-бабына көлік салығын төлемеуден бөлек, жол ақысын төлемеу де көлікті қайта тіркеу не тіркеу деректерін өзгерту қызметін көрсетуден бас тартуға негіз болатыны жазылған 8-тармақты қосу жөнінде ұсыныс бар.
Жоба авторларының сөзінше, заңға толықтыру енгізу «ұлттық оператордың жол ақысын төлемегендердің қарызын уақытылы анықтап, оларды қадағалауға мүмкіндік береді». Бірақ оның қалай іске асатыны белгісіз.
Қазіргі уақытта республикалық және халықаралық маңызға ие автомобиль жолдарының ұлттық операторы — «QazAvtoJol ҰК» АҚ.