10 қаңтарда елімізде өткен облыс, қала және аудан мәслихаттары депутаты мандатына ие болған саяси партиялар жайлы Түркістан облыстық аумақтық сайлау комиссиясының  мәліметін назарларыңызға ұсынуды жөн көрдік.

ҚР Парламенті мәжілісі, жергілікті мәслихат депутаттарын Сайлауға бес партия қатысты.

«Адал» саяси партиясы жергілікті мәслихаттың біреуінде де мандатқа ие болмады.

«Ақ жол» ҚДП облыс мәслихатына 4 мандат, қалалық мәслихаттарға 4 мандат,  аудандық мәслихатқа 16 депутаттық мандатқа ие болды.

«Ауыл» ХДСП облыс мәслихатына 4 мандат,  қалалық мәслихаттарға 3 мандат, аудандық мәслихаттарға  25 депутаттық мандатқа ие болды.

Қазақстанның халық партиясы  облыстық және қалалық мәслихатқа бірде-бір мандат  иеленбей, Отырар аудандық мәслихаты депутаттығына бір партия мүшесі өтті.

«Нұр Отан» партиясы облыс мәслихатындағы  45 мандаттың  37-ін иеленіп, көш бастады. Қалалық мәслихаттарда  40 мандатқа ие болса, аудандық мәслихаттарда-186 депутаттары бар.

Айта кететін жәйт, Жетінші шақырылымда Түркістан облыстық мәслихатында 45 депутат, Түркістан қалалық мәслихатта 16, Кентау қалалық мәслихатта 18, Арыс қалалық мәслихатында 13 депутат  жұмыс атқарады.

Шынар Оразова