Ескірген техникаларды қабылдау басталды

108

Елімізде бүгіннен бастап ескірген ауыл шаруашылық техникаларын утилизацияға қабылдау басталады. Бұл туралы Қазақстанның экология, геология және табиғи ресрустарды реттеу министрлігі мәлімдеп отыр.

Жауаптылар сөзінше техниканы қабылдау республиканың 11 аймағында жүзеге асырылады. Оның ішінде Шымкент қаласы да бар. Ал техниканы тапсыру үшін алдымен онлайн тіркеуден өткізу керек.

Экология, геология және табиғи ресурстарды реттеу министрлігі: «Ол үшін ауыл шаруашылығы техникасының иесі арнайы электрондық үлгіні толтырады. Оған керегі екі құжат: жеке куәлік және техниканы тіркеуден шығарғандығы туралы анықтама және ауыл шаруашылығы техникасының жан-жағынан түсірілген бірнеше суреті қажет. Өтінім мақұлданған жағдайда, автоматтандырылған жүйе өтінім берушіге аграрлық техниканы кәдеге жаратуға тапсыру күні мен уақыты туралы ақпарат береді».

www.recycle.kz ресми сайтына кіріп, кезекті алдын ала толтырып, техниканы тапсырғаннан кейін азаматтарға арнайы сертификат тапсырылады. Сол арқылы жұрт жаңа көлік, не жаңа техника ала алады. Айта кетейік, ел бойынша барлығы 2380 бірлік аграрлық техника: 1900 бірлік трактор, 480 бірлік комбайн қабылдау жоспарлап отыр.

Назерке Үкібасова