Шымкент: Өңірлік өнімдегі шағын және орта кәсіпкерліктің үлесі — 28,4 пайызды құрайды

112

Шымкент қаласында шағын және орта кәсіпкерлік саласына ерекше көңіл бөлініп отыр. Себебі 160 мыңнан аса қала тұрғыны 70 мыңнан астам шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінде тұрақты жұмыс істеуде.

Қалада дағдарысқа қарсы шаралар да қабылданды. Бұл мақсатта кәсіпкерлердің қаржылық жағдайын қалпына келтіру үшін 1 482 субъектінің 13 млрд теңге несие төлемдерін кейінге қалдыруға қолдау көрсетілген.

Індет кезінде зардап шекккен 26 мыңнан астам кәсіпкерлік субъектісі мүлік және табыс салықтарынан босатылды. Сонымен бірге, алдағы 5 жылда Президент шағын және орта кәсіпкерліктің жалпы өнімдегі үлесін 2025 жылға қарай 35 пайызға, жұмыспен қамтылғандар санын 4 миллион адамға дейін көбейтуді тапсырған болатын. Бұл мақсатта былтыр «Бизнестің жол картасы — 2025» аясында Шымкент қаласына 2,5 млрд. теңге бөлінген.

Айта кетейік, бүгінде қала бойынша жалпы өңірлік өнімдегі шағын және орта кәсіпкерліктің үлесі — 28,4 пайыз.