Шымкент: Өткен тәулікте коронавирус жұқтырған 25 науқас анықталды

56

Шымкентте өткен тәулікте коронавирус жұқтырған 25 азамат анықталды. Олар өздеріне дейін вирусты жұқтырған адамдармен қарым-қатынаста болған, карантиндік стационарға жатқызылып, зертханалық сынама алынған.

ПТР диагностикалық зерттеу қорытындысымен COVID-19 диагнозы нақтыланды. Қазіргі таңда науқастардың жағдайлары қанағаттанарлық. Бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем жүргізілуде.

Шымкент қаласы Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, науқастармен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, барлығы медициналық бақылауға алынуда. Ауру ошақтарында дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуде.

Шымкент қаласында 2020 жылдың 24 наурызынан 15 қаңтарға дейінгі аралықта COVID-19 ауруының 5 677 жағдайы тіркелді (2889 – симптомды, 2788 – симптомсыз). Емделіп шыққандар саны – 5 347, қайтыс болғандар – 81.

Айта кетейік, 1 тамыздан 15 қаңтарға дейін COVID-19 белгілерімен (ICD-10 коды – U07.2) пневмонияның 1362 жағдайы тіркелді.

QAINAR KÓZШымкент қаласының Ақпараттық-коммуникациялық орталығы