Шымкент қаласында коронавирус жұқтырған бір науқас көз жұмды

141

 

1968 жылғы азамат Шымкент қаласы, Абай ауданының тұрғыны. 52 жастағы науқас 20 сәуір күні қалалық жұқпалы аурулар ауруханасының жансақтау бөліміне жатқызылып, жағдайының ауырлығына байланысты өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.

Науқаста жүрекшелердің фибрилляциясы, дилатациялық кардиомиопатия, артериалдық гипертензия, жүректің созылмалы жеткіліксіздігі, қант диабеті сияқты қосымша ауру симптомдары болған.

Вирус жұқтырған азаматқа емдеу хаттамасына сәйкес қажетті ем шаралары жүргізіліп, республикалық мамандармен біреше рет кеңес өткізілген.

Жүргізілген реанимациялық іс-шараларға қарамастан, 23 сәуір күні, сағат 20.30-да науқас қайтыс болды.

Науқаспен қарым-қатынаста болған азаматтардың барлығы оқшауланып, карантинге алынды.

2020 жылғы 24 сәуірдегі жағдай бойынша Шымкент қаласында вирус жұқтырған 139 жағдайы тіркелген.

 

QAINAR KÓZШымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасы