БЖЗҚ салымшылары алаяқтардың фишингтік* шабуылдарына ұшырағандары туралы хабарлай бастады. Алаяқтар жіберетін хаттарда белсенділігі күдік тудыратын сайттарға сілтемелер тіркеліп, зейнетақы жинақтарын мақсатты пайдалануға рұқсат берілгендігі айтылады.
БЖЗҚ «Зейнетақы жинақтарының бір бөлігін «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-дағы (қазіргі «Отбасы банкі» АҚ) арнайы шотқа аудару туралы» деген мазмұнға ие жіберілімдер жасамайтынын ресми түрде мәлімдейді.
Қор бейтаныс сайттарға күдікті сілтемелер бойынша өтпеу туралы ұсыным жасап, қатаң ескертеді. Ақпаратты тек БЖЗҚ-ның www.enpf.kz ресми сайтында және уәкілетті операторлар болып есептелетін банктердің интернет-ресурстарында тексеру қажет.
*Фишинг – мақсаты пайдаланушылардың құпия деректері — логиндер мен парольдерге қол жеткізу болып табылатын интернет-алаяқтықтың бір түрі.