Қалалық экономикалық соты 2020 жылы атқарылған жұмысты қорытындылады

216

Өткен жылы Шымкент қаласының мамандандырылған ауданарлық экономикалық сотына 3 мыңнан астам арыз және іс келіп түскен.

Азаматтық істердің жартысы сот шешімімен аяқталған. 513 талап-арыз қайтарылып, 140-ы қабылдаудан бас тартылған. 360 -ы қараусыз қалдырылған. Қазақстан Республикасының жаңа Азаматтық процестік кодексі бойынша тараптарды татуластыру сот ісін жүргізудің міндеттері болып табылады. Осыған орай медиацияны қолдану кеңейтілген, татуластырушы судьялар оны 10 жұмыс күнінде жүргізе алады.
Мәлік МАЙСАҚАНОВ, Шымкент қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының төрағасы: «Шымкент қаласының экономикалық сотында Кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп «Атамекен қабылдауы» атты кабинет ашылды. Мұнда кәсіпкерлерге мемлекеттік органдармен даулары бойынша құқықтық-консультативтік көмек көрсетеді».

Президентттің тапсырмасы бойынша «Үлгілі сот» жобасын іске асыру аясында былтыр мамандандырылған ауданаралық соттарында фронт офистер ашылды. Бұл қадам сот жүйесінің ашықтығы мен қолжетімділігін қамтамасыз етуге бағытталған. Қазіргі таңда  барлық талап арыздар электронды түсуде, сот мәжілістері қашықтықтан өткізілуде.

Шынар Оразова