Шымкент: Алғашқы тәулікте 180 адамға Ковидке қарсы вакцина салынды

122

Шымкент қаласында 1 ақпаннан бастап коронавирусқа қарсы «Спутник V» екпесімен ерікті түрде вакцинациялау науқаны басталды. Алғашқы тәулікте 180 азаматқа вакцина салынды.

«Вакцина салдырған азаматтардың денсаулық жағдайы жақсы. Екпеден кейін жанама ешқандай әсері байқалған жоқ»,- дейді медицина мамандары.

Айта кетейік, Шымкент қаласына “Спутник-V” вакцинасының 1000 дозасы жеткізілді. Екпе егу жұмыстарын жүргізу қаладағы емханалардың базасында 4 вакцинация кабинеті ұйымдастырылып, вакциналарды сақтауға арналған мұздатқыштар орнатылды.

Вакцинациялауға профилактикалық егуге қарсы көрсеткіштері жоқ адамдар жіберіледі. Вакцинация алдында дәрігер егуге келген адамды міндетті түрде тексереді.

QAINAR KÓZШымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі