Шымкент: Заңсыз миссионерлікпен айналысқан азамат жауапкершілікке тартылды

133

Интернет және әлеуметтік желісіне монторинг жүргізу барысында «YouTube» бейне хостингінде жергілікті тұрғын теріс діни ағымды насихаттайтын бейнероликті жариялап, оны «Тelegram» әлеуметтік желіде құрған топ мүшелерінің арасында насихаттау жұмысын жүргізген.

Аталған жайт бойынша Шымкент қаласы Полиция департаментінің қызметкерлерімен ҚР ӘҚБтК-нің 490-бабы 3-тармағымен (миссионерлік қызметті тіркеусіз жүзеге асыру) әкімшілік іс-құжаттар жинақталып, сотқа жолданған.

Шымкент қаласы Әкімшілік сотымен аталған азаматтың заңсыз іс-әрекетіне қатысты әкімшілік шара ретінде 100 АЕК көлемінде айыппұл салынды.

QAINAR KÓZШымкент қаласы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі