Шымкентте ұн өндірушілер мен бидай өңдейтін кәсіпорын басшылары тасымал мәселесін талқылады

175

Шымкентте ұн өндірушілер мен бидай өңдейтін кәсіпорындардың өкілдерімен жиын өтті.

«АстықТранс» және «QazTrade» сауда саясатын дамыту орталығы» акционерлік қоғамдарының басшылары саладағы жағдай, атқарылған жұмыстар бойынша баяндап, тауарөндірушілердің ұсыныстарын тыңдады.

Шымкентте ұн өндірушілер мен бидай өңдейтін кәсіпорындардың өкілдерімен жиын өтті. «QazTrade» сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ – Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің отандық өңделген тауарларды сыртқы нарықтарға ұсынуға ықпал ететін операторы болып табылады. «Өңірлердегі экспорттаушылар Акционерлік қоғамның қолдауын белсенді пайдаланып келеді. Өткен жылдың қорытындысы бойынша 13 кәсіпорынның 271 млн. теңге көлеміндегі шығындары өтелді»,- дейді ведомство басшысы.

Азамат АСҚАРҰЛЫ, «QazTrade» сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ бас директоры: «Біз үш бағыт бойынша жұмыс істейміз. Біріншіден, интеграциялық бірлік аясында бизнесті қорғаймыз. Екіншіден шикізаттық емес экспортты дамыту және ілгерілету. Ағымдағы жылы «ҚазТрейд» жаңа өнімдері арасында экспорттаушылар тауарларына шетелге жылжыту мен тасымалдау және мемлекеттік қолдаудың сервистік қызмет көрсету шығындарының 80 пайызға дейін толтыру».

«Осындағы ұн өндірушілердің атынан сіздерге рахмет, сонау жерден келіп отырсыздар. Мәселелер көп. «ҚазТрейд» қазақстандық кәсіпкерлерге үнемі қолдау көрсетіп келеді»,- деп басшыларға алғыстарын жеткізген  Оңтүстіктің  ұн өндірушілер мен бидай өңдейтіндерді астықты тасымалдау, тариф, субсидиялау мәселелері толғандырады.

Гайбилла ЕРМЕТОВ, «Дани-Нан» ЖШС бас директоры: «Біздің ұсынысымыз -егер де өнім экспортқа жіберілсе, есеп-қисапты оның тоннажы, көлемі ескеріліп жасалса. Қазіргі таңда шақырымы есепке алынады. Ол аралық әрбір кәсіпорын үшін әр түрлі. Сондықтан әрқилы субсидия алады. Осы тұрғыда барлық экспорттаушылардың мүддесі бірдей ескерілуі тиіс . Пандемияға қатысты жағдайымыз қиын. Сондықтан да мәселені тез арада шешілуіне ықпал жасауларыңызды өтінеміз».

«Тоннаж мәселесін біз зерттеуге дайынбыз. Сала мамандарымен ақылдасып анықтап көрейік. Ұсыныстарыңыз қолдау тапса, ол бойынша да жұмыс істейміз»-деп уәде берді
«QazTrade» сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ бас директоры.

«Астық Транс» АҚ ішкі нарықтағы тасымал жөніндегі маркетингтік саясаты бүгінде өзекті. Вагон паркін жаңалау қыруар қаражатты талап етеді.

Санжар Елубаев, «Астык Транс» АҚ президенті: «Вагондарды толық жаңалауға қаржы жоқ, егер де қаражатты вагондық парк қызметінің мерзімін ұзартуға жөндеу жұмыстарына жұмсасақ, онда 2026 жылы бізде 3900 астық тасымалдайтын вагондар болады. «Астық Транс» Қазақстандағы ішкі нарықтағы тасымал және де экспорт қажеттілін қамтитын компания ретінде салаға инвестиция құймаса, жағдай нашарлай береді».

Түскен инвестициялар тек вагондық парктің қызметін ұзартуға және вагон құрамасын жаңартуға жұмсалады. «Вагонды бір тәулікке беру құнына тоқталсақ. Ішкі тасымалдағы вагондардың нормативтік айналымы қазіргі таңда 11 тәулікті құрайды. Осы норма бойынша тасымалға есептейміз. Іс жүзінде ол 16/7 тәулікті құрайды. Алайда осы қосымша тәуліктер бойынша біз есеп ұсынбаймыз»,- дейді «Астық Транс» АҚ президенті.

Кездесудің соңында өзара тиімді ынтымақтастық жөнінде меморандумқа қол қойылды. «АстықТранс» және «QazTrade» сауда саясатын дамыту орталығы» акционерлік қоғамдары саладағы жағдайды тұрақтандыруға ықпал етеді.

Шынар Оразова