Еліміздегі диірмендердің жартысынан көбі жұмысын тоқтатуға мәжбүр…

104

Қазақстандық диірмендердің жартысынан көбі жұмысын тоқтатуға мәжбүр. Олар шикізаттың аздығын алға тартып отыр. Ал астық одағындағылар, керісінше, біздегі бидайдың жетіп артылатынын айтады.

Өңдеушілерді астықтың қымбаттауы алаңдатып отыр. Егер бидайдың бір тоннасын нарықтағы 160 мың теңгеге алатын болсақ, ұн өнімдерінің құнын арттыруға мәжбүр боламыз. Бұл өз кезегінде ішкі тұтынушылардың қалтасына салмақ салады. Астық өңдеушілер одағының президенті Евгений Ган осылай дейді.

Елде 170 диірмен бар. Олардың жылына 10 млн. тонна астық өңдеуге қауқары бар. Алайда, олардың жартысынан көбі қордың аздығынан жұмысын тоқтатып жатыр. Бірақ астық одағының ресми өкілі Евгений Карабановтың пікірі басқа. Өңдеушілер бұған дейін Ресейдің арзан бидайын пайдаланып келген.

Ондағы экспортқа шектеу қойылғалы жағдай өзгерді. Ал біздегі бағаның өсуіне осы тұтынушылардың көбеюі – себеп. 15 сәуір мен маусым аралығында Қазақстан 1 млн. тонна астық пен 300 мың тонна ұн экспорттайды. Астық өңдеушілер бұл шектеудің әлі де аз екенін айтады. Өйткені ішкі нарықты қамту мүмкін болмай қала ма деген күдік бар.

Шынар Оразова