Шаруалар 1 тонна бидайды 140 мың теңгеге сатып жатыр

79

Ұн өндірушілер бидай экспортының сәл ғана шектелетініне наразы.

Олар үкіметтен жаңа жиын-терім науқанына дейін әр ай үшін 400 мың тонна лимит сұраған. Былтыр сәуір, мамыр айларында дақылдың 1 млн 300 мың тоннасы сыртқа шығарылды.

Ұнға жауаптылар ішкі нарыққа алаңдаулы. Ұсыныстары мақұлданса, 500 мың тонна бидайды өңдеуге мүмкіндік болар еді. Бұл дақыл құнын арзандатып, диірмендердің шикізатқа қолжетімділігін қамтамасыз етіп қоймай, мал мен құс шаруашылығын  жеммен  қамтамасыз етуге  жол ашар еді дейді. Қазір шаруалар бір тонна бидайды 140 мың теңгеге сатып жатыр.

Естеріңізге сала кетейік, Ресей ЕАЭО аумағында астық экспортына тыйым салмайтын болды. Бастысы, ауыл шаруашылығы министрлігінің рұқсаты қажет. Осы Ресейде рубльдің нығаюына байланысты дәнді дақылдардың құны 4 рубльге түскен.