Бүгінгі таңда жылжымайтын мүлікті тіркеу ең танымал қызметтердің бірі болып есептеледі. Бұған дейін бұл қызметті тек нотариус арқылы жасалынатын. Енді ХҚО-да жылжымайтын мүлікті арзан әрі жылдам тіркеуге болады.

Ең алдымен ХҚО-ға кезекті онлайн брондаңыз. Бронды растау үшін ХҚО-ға 20 минутқа ерте келіңіз.

ХҚО-на келесі құжаттарды ұсыну:
– сатып алу- сату келісімшартының 2 данасын жасасыңыз:
– Мүліктің техникалық паспорты;
– Мүлік меншігіне құқық беретін құжаттар (сатушы тарапынан);
– Некеде болса, екі тараптың да жұбайының нотариус арқылы рәсімделген келісімі;

Егер жылжымайтын мүлік құрылыс компаниясынан сатып алынатын болса, қосымша:
– Сату жөніндегі шешім;
– Сатып алушы некеде болса, нотариус арқылы жұбайының рәсімделген келісімі;

Маңызды❗️
ХҚО-ға дайын келісімшартпен келулеріңіз қажет. Келісім-шартта міндетті түрде жылжымайтын мүліктің барлық сипаттамасы (ауданы, қабаты, пәтер нөмірі, кадастр нөмірі және басқа да техникалық сипаттамалары) көрсетілуі тиіс.
☝️Жылжымайтын мүлікті құрылыс компаниясынан алған жағдайда, ХҚО-ға компания өкілі келетін болса, келісімшартта оның аты-жөні көрсетілуі қажет. Егер олай болмаған жағдайда, келісімшартқа қол қоюшы, яғни компания директоры, директорлыққа тағайындалғаны жайында бұйрықпен ХҚО-ға өзі келеді. .

Қызмет құны (тұрғын үй үшін) – 1 202 тг. Қызмет көрсету мерзімі құжат тапсырған күнді есепке алмағанда – 1 жұмыс күні.

Есіңізде болсын❗️
– Қызмет құны тұрғын үйден басқа жылжымайтын мүлік түрлері үшін (қойма, автотұрақ т.б.) ауданына қарай өзгереді.
– Егер тұрғын үй жекежай болса, қызмет құны өзгермейді, бірақ жер телімі және басқа да жекежай аумағындағы құрылыс нысандары үшін қосымша төлем жасалады.