Әжелер спорттық сайыста бақ сынады

295

Арыс қаласындағы әжелер спорттың 5 түрінен сайысқа түсті. Ақ жаулықты аналар волейбол, арқан тарту, қол күресі, дойбы мен шекем тас ойындары бойынша бақ сынады.

«Ұлыстың Ұлы күні Әз-Наурыз» атты іс-шара аясында өткен додада жеңіске жеткен әжелер қауымына медальдар мен кубоктар және Алғыс хаттар табысталды. Салтанатты жиынға қатысқан қариялар іс-шараны жоғары деңгейде өткізген ұйымдастырушыларға ризашылықтарын білдіріп, ақ баталарын берді.

Өрікгүл Елубаева, Арыс қалалық әжелер алқасының төрайымы: «Осындай спорт ұйымдастырып берген спорт жаттықтырушыларына рақмет. Және әкімшілкке. Біз мынау бізді қолдаған әкімшіліктегі ағаларға рақмет. Барлық тұрғындарды, Арыс қаласының тұрғындарын 22 наурызбен құттықтаймын. Бәріміздің осылай денеміз шынығып, көңіл күйіміз көтеріңкі болуына тілектеспін»

 Мөлдір Ибадуллаева