Д.Қонаев атындағы даңғылдың жер асты өткелі қыркүйекке дейін ашылады

178

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Рысқұлов-Қонаев көшелері қиылысындағы жолайрық құрылысының барысын көрді.

Бүгінге дейін 3,3 шақырым су, газ құбырларының орны ауыстырылып, 300 метр жер асты өткелі қазылған. 180 метр тіреу қабырғалары мен 7 бағана және 105 дана қада құю жұмысы аяқталған.

Қонаев даңғылының жер асты өткелінде көлік қозғалысын осы жылдың 1 қыркүйегіне дейін, Рысқұлов көшесін 1 қарашаға дейін ашу көзделіп отыр. Жалпы, жолайрық құрылысын 2021 жылдың желтоқсан айында аяқтау жоспарланған.

Қала әкімі Қонаев даңғылы жалғасының құрылысын барып көрді. Нысанның жалпы ұзындығы 580 метр. Қазіргі таңда, жол жамылғысымен бірге 400 метр жұмыс аяқталған. Көше құрылысы үшін жеке меншік үйлерді мемлекет иелігіне алғаннан кейін қалған бөлігін құру жұмысы жүргізіледі. Құрылыстың І кезеңін аяқтау осы жылдың маусым айына жоспарланып отыр.