Рысқұлов даңғылындағы өткел пайдалануға берілді

394
Рысқұлов даңғылындағы өткел пайдалануға берілді

Шымкент көшелерінде қауіп сейіліп келеді. Әсіресе, жаяу жүргіншілер үшін жағдай жасалуда. Облыс орталығында тағы бір жерасты өткелі пайдалануға берілді. Тұрар Рысқұлов көшесі бойындағы өткел Самал базары маңында салынған. Енді осы базарға келушілер кептелістен қорықпай, жерасты өткелімен өтеді.

Бұл жерасты өткелінің құрылысы жарты жыл салынды. Енді 3 мың жаяу жүргінші Тұрар Рысқұлов көшесін қауіпсіз қиып өте алады. Еске салар болсақ, бұған дейін осы Самал базарының маңында көлік кептелістері жиі болып, жаяу жүргіншіні көлік қағып кету оқиғалары да тірелген. Осындай оқыс оқиғалардың алдын алуға 126 млн теңге бөлініп, игі іске жұмсалғанына жұрт қуанышты.

Рысқұлов даңғылындағы өткел пайдалануға берілді

Облыс аумағында талай құрылыс жүргізген «ХМСУ Шымкент мелерация» ЖШС өткелді алғаш салыпты. Сондықтан болар, оның әр тасының сапалы қаланып, әр сылағына жіті мән берген. Өткел құрылысы аяқталғанымен, оны күтіп ұстау жауапкершілігі әлі бес жылға созылады. Шымкенттік басшыларға берген уәделерін орындадық деген мердігерлер, енді алматы метросын салуға атсалыспақ ниетте.

Бұл өткелдің өз ерекшеліктері бар. Мұнда мүмкіндігі шектеулі жандар үшін электронды көтергіш қарастырылыпты. Қондырғы 250 кг-ға дейінгі жүктерді де тасымалдауға қауқарлы.

Нұрлан Күдерұлы