Министр Silkway Халықаралық университетінде болды

319

ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин Silkway Халықаралық университетінің базасында орналасқан Смарт Хаб-тың IТ жобаларымен танысты.

Цифрлық технологияның мүмкіндіктерін кеңінен пайдаланған оқу ордасының жұмысы ведомство басшысының көңілінен шықты. Министр дарынды жастарды инновациялық бастамаларды жүзеге асыруға шақырды.

Оңтүстіктегі жоғары оқу орындары арасында баламасы жоқ ақылды Робот ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусинмен тілдесті. Робот қызметкер Silkway Халықаралық университеті туралы ақпараттар беріп, білім алушыларға қызметкердің қатысуынсыз қызмет көрсететін болады.

Министр Silkway Халықаралық университетінің базасында орналасқан Смарт Хаб-та заманауи технологиялар құрылғылармен жабдықталған коворкинг орталығы, СТЕМ аймағы, бейнефотостудиясы, бизнес-инкубаторды аралап, стартап жобалармен танысты.
Бағдат Мусин, ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі: «Инновациялық гранттар тарататын жобалар бар. Биыл 1 млрд. 300 млн. грант бөлу қаралған. Стартап жобалар жақсы идеялар болса оларды жасауды үйретіп қана қоймай, оларды жүзеге асыруды студенттерге үйрету керек. Сонда оларға да, сіздерге де жақсы».

Смарт Хабтың антиковид, робот құрастыру, 3Д модельдеу, ПрайсКонтроль жобаларына Бағдат Мусин қызығушылық танытты. Цифрландыру бағытында жүзеге асқан ақылды күнбағыс жобасы өзге де өңірлерде кеңінен пайдаланылу қажет. Әсіресе ақылды жаяу жүргіншілер жолағы жобасының тиімділігі ерекше аталды.
Нұрлыбек ЖҰМАТАЕВ,  Silkway Халықаралық университетінің цифрландыру жөніндегі проректоры: «Смарт Хабтың жүмыс істегеніне 3 ай болды. Осы қысқа мерзімде біз  «Ақылды күнбағыс» жобасын  енгіздік. 3 портал жасадық. Жақында  «Ақылды жаяу жүргіншілер» жобасына авторлық құқығын алдық. Министр бұл жобаны қаржыландыруға көмек көрсетеміз деді. Енді құжаттарды  жинаймыз».

Смарт Хабтың мақсаты цифрлық технологияларды пайдалана отырып, Silkway Халықаралық университетіндегі қызметкерлердің және білім алушыларға қызмет сапасын жасқарту, сондай-ақ барлық салада цифрлық технологияның енуін қамтамасыз ететін түбегейлі жаңа даму жүйесіне көшіруге жағдай жасау. Бұл еліміздің дамуына үлес қосатын білімді, білікті мамандарды даярлауға көмектеседі.

Лицензия №KZ80LAA00012923, 2.03.2016 ж. ҚР ҒжБМ берілген