фото Inform.kz

Салық жинау мамандарына арыздануға көлік иелерінің мүмкіндігі де болған жоқ. Берешек көліктерге арнайы жапсырма жапсырылып, айыппұл тұрақтарына жеткізілуде.

Нұрлан ҚАРАБЕКОВ, Шымкент қаласының тұрғыны: «Көлік салығын төлемеген едім. Сот өкілі 2-3 рет келіп ескерту жасаған еді. Бірақ беретін ақша болмай, машинаны тұраққа әкететіндерін айтқан болатын. Енді ақша іздейміз. Қарызды төлеп, көлікті қайтару керек».

Шымкенттің бір ғана Әл-Фараби ауданы бойынша 5000 борышкер бар екен. Салық мамандарының айтуынша олар мемлекетке 22 млн. теңге қарыз. 170 миллион негізгі қарыз болса, қалғаны өсім.

Автокөлік қарызын тексеру қиын емес. Бар болғаны кірістер департаментінің сайтынан немесе электронды билік порталынан ақпаратты анықтауға болады.

Назерке Үкібасова