Шымкенттегі «Баян сұлу» сауда орталығына электр жарығы берілді

150

Шымкенттегі «Баян сұлу» сауда орталығына бүгін электр жарығы берілді. Бұл жөнінде Абай ауданы әкімідігінің өкілі хабарлады.

Абай ауданы әкімдігі мен аудан прокуратурасының өкілдері «Оңтүстік Жарық Тарнзит» ЖШС басшылығымен кездесіп, электр энергиясын тұтынушы заңды тұлға «Баян сұлу» сауда орталығының қарызын бөліп төлеу жөнінде ортақ келісімге келіпті. Кесте бойынша  сауда орталығы 10 айда 2 млн. теңгеден электр энергиясына берешегін өтейтін болды.

Келіссөзге қатысқан Абай ауданы әкімінің өкілі  мынадай ақпарат берді: «Бұл мәселеге қатысты «Баян сұлу» орталығы сотқа  жүгінген. Егерде  сотта  сауда орталығы жеңіп шықса,  онда «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС өтелген қарыз сомасын қайтарады».

Естеріңізге сала кетейік,  «Баян сұлу»  орталығының  электр энергиясы өшірілгені жайлы  материал   «Отырар» телеарнасында көрсетілген болатын.

Шынар Оразова