ТЖ департаменті ауа-райына байланысты тұрғындарға сақ болуды ескертеді

178

Алдын ала берілген дауылды алдын алу ескертуге сәйкес Түркістан облысында бірнеше бағыттар бойынша жол-көлік қозғалысы тоқтатылған!

2021 жылғы 13 наурызда сағат 13:00-де ауа-райының нашарлауына байланысты (бұрқасын жел, көрінудің нашарлауы), Созақ ауданы, облыстық маңызы бар КХ-56
«Жамбыл-Құмкент-Шолаққорған» а/ж 39-76 шқ бөлігінде, Кентау қаласы, облыстық маңызы бар КХ-56
«Жамбыл-Құмкент-Шолакқорған» а/ж 76-124 шқ бөлігінде, сағат 18:00-де, Созақ ауданы, облыстық маңызы бар КХ-2 «Ұланбел-Созақ-Екпінді» а/ж 603-643 шқ бөлігінде, сағат 19:00-де облыстық маңызы бар КХ-190 «Кентау-Түркістан-Шәуілдір-Төрткөл» а/ж 36-90 шқ бөлігінде, сағат 22:25-ден бастап республикалық маңызы бар М-32
«Самара-Шымкент» тас жолының 2095 шқ. (Түркістан қ.) 2057 шқ. (Қызылорда обл.) бөлігінде барлық көлік түріне қозғалыс тоқтатылды.

Құрметті қала тұрғындары! Көрсетілген бағыттар бойынша жолға шығуға тыйым салынады! Қауіпсіздік шараларды сақтау мақсатында аталған бағыттар бойынша жолға шықпай, абай болыңыздар!