«Бірліктің, татулық пен келісімнің 30 жылы» күн тәртібіндегі Қазақстан халқы Ассамблеясының XXIX сессиясы өтті. Сессия барысында Елбасы, Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев отыз жылдағы елеулі жетістерге тоқталды.
«2018 жылы Шымкент қаласы халқының саны 1 млн-ға жеткендіктен мен жарлығыммен республикалық маңызды қалалар мәртебесін бердім. Екі жарым жылдың ішінде қара көркейіп астанадан кейінгі керемет қалалардың біріне айналды. Облыс орталығы Түркістан облысы болып, Түркістан облысы құрылды. Жақында Түркі әлемі Саммитінде менің бастамаммен көркейген Түркістан түркі тілдес елдердің рухани астаны болып бекітілді», деді Елбасы.
Онлайн режимде өткен жиынға Түркістан облысының әкімі, облыстық ҚХА төрағасы Өмірзақ Шөкеев, Ассамблея мүшелері, этномәдени бірлестік өкілдері қатысты.
Өңір басшысы Ассамблея мүшелерін, жалпы тұрғындарды дамуына үлес қосуға, бірлесе еңбек етуге шақырды.
Бүгінде Түркістан облысында түрлі этнос өкілдері тату-тәтті өмір сүруде. Этнос өкілдері өңірдің әлеуметтік-мәдени дамуына елеулі үлес қосып келеді.
Сессия барысында Елбасы Ассамблеяны басқару құқығын Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа беру туралы шешімін жария етті.
Шынар Оразова