Шымкент қаласының бас жоспарына сәйкес қазіргі таңда Рысқұлов-Қонаев көшелерінің қиылысындағы жолайырығын салу жұмыстары жүргізілуде. Құрылыс жұмыстарын толығымен аяқтау мерзімі ағымдағы жылдың желтоқсан айына жоспарланған.
Жобаға сәйкес, қысымы жоғары диаметірі Ø 500мм газ құбырының орнын ауыстыру жұмыстары қарастырылған.
Құрылыс жұмыстарын жалғастыру үшін, жобаға сәйкес орны ауыстырылған газ құбырын қолданыстағы газ құбырына қосу қажеттілігі туындап отыр.
Бұл жұмыстар жоспарға сәйкес 2021 жылдың 4 мамыр күні сағат 9:00 –ден 5 мамыр сағат 18:00-ге дейін орындалатын болады. Аталған газ құбырынан Шымкент қаласының Рысқұлбеков, Бекбосынова, Өтепов, Қаныбеков, Тоғысбаев, Өтеген батыр, Байтұрсынов, Қонаев, Рысқұлов, Жандосов, Шаймерденов, Құрманғазы, Перова, Лихачев, Байзақұлы, Верещагин, С.Азима, Срақұлов, Тәжібаев, Уалиханов, Маметова, Дулати, Қазыбек би, Диваева, Ташенова, Мәделі қожа, Сапарбаев, Майдантал, Шевченко, Толстой, Тореқұлов, Орынбаев, Помохова, Адырбеков, Халықтар достығы, Асанов, Гвардия, Известия, Жібек жолы, ақпан батыр, Тимирязев көшелерінде және «Наурыз», кіші «Самал» шағынаудандарында орналасқан ғимараттар, тұрғын үйлер сондай-ақ әлеуметтік нысандар газ желісімен қамтамасыз етіледі. Осыған байланысты, аталған көшелерде, шағынаудандарда газ желісі толығымен сөнеді.
Осыған орай, жоғарыда аталған көшелерде, шағынаудандарда газ желісімен қамтамасыз етілетін ғимараттар, тұрғын үйлер, әлеуметтік нысандар және маңыздылығы жоғары мекемелерді, қосу жұмыстары кезінде газ желісінің сөнуі орын алатындығы туралы қала тұрғындарын ақпараттандыруды және уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды сұраймын.
Сонымен қатар, қосу жұмыстары жүргізілгеннен кейін, газ желісін қайта қосқанда, үйішілік газ жабдығына техникалық қызмет көрсету мамандарының және тұтынушылардың газ жабдықтарына тексеру жұмыстарын жүргізуін және мұқият болуларыңызды сұраймыз.