Шымкент: жол жүру ережесін бұзған жүргізуші жауапкершілікке тартылды

265

2021 жылғы 10 сәуір күні жергілікті тұрғын Шымкент қаласының Полиция департаментінің Whatsapp желісіндегі «Жедел әрекет ету» чатына қаладағы Тәуке хан көшесінің бойында автокөліктер белгіленбеген орында тұрғаны бойынша хабарлама жолдаған.

Нәтижесінде Шымкент қаласы Полиция департаменті Патрульдік полиция полкінің қызметкерлері аталған хабарламаны тексеру барысында «Тойота» маркалы автокөлігінің жүргізушісіне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 597-бабы 1-бөлігімен әкімшілік хаттама толтырды.

 

QAINAR KÓZШымкент ҚПД-нің Баспасөз қызметі