Шымкентте жоғалып кеткен жасөспірім қыз аман-есен табылды

333

Шымкент қаласы Полиция департаменті Қаратау ауданы Полиция басқармасына 34 жастағы жергілікті тұрғын өзінің кәмелет жасына толмаған қызы үйінен шығып, қайта оралмағаны туралы хабарлаған. Анасы қызын өздері жан-жақты іздеп таппағаннан кейін полицейлердің көмегіне жүгінген.

Шымкент қаласы Полиция департаменті Қаратау ауданы Полиция басқармасының қызметкерлерімен жедел іздестіру іс-шаралары жүргізілген. Тәртіп сақшылары мен учаскелік полиция инспекторлары сол маңдағы барлық көшелер мен аулаларды мұқият қарап шығып, өтіп бара жатқан тұрғындардан сұрастыру жұмыстарын жүргізген. Нәтижесінде жоғалған қыз аман-есен табылып, отбасымен қауышты.

Өз кезегінде, қыздың ата-анасы полицейлерге алғысын айтып, ризашылығын білдірді.