Шымкенттік спортшылар үстел теннисінен ел чемпионатын сәтті аяқтады

65

Шымкенттік спортшылар үстел теннисінен ел чемпионатын сәтті аяқтады. Орал қаласында жалауын көтерген жарыста жерлестеріміз 7 медаль еншіледі. Оның 4-уі алтын болса, 3-уі күміс жүлде. Енді олар сары құрлықтық сайысқа дайындалмақ.

Үстел теннисінен Қазақстан чемпионатында жоғары нәтиже көрсеткен шымкенттіктер бүгін туған жерге оралды. Ал, оларды жерлестері теміржол вокзалынан думандатып қарсы алды. Айта кетейік, қала қоржынына 7 медаль түскен болатын. Төрт алтынның үшеуі мен үш қоланың біреуін еншілеген Сарфиноз Миркадирова тек жеңіс үшін барғанын айтады.

Сарвиназ МИРКАДИРОВА, жарыс жеңімпазы: «Мен үш алтын мен бір күміс жүлде еншіледім. Жұптық сайыста кішкене мүдіріп қалдым. Шынымды айтсам, барымды салып, дайындалған едім. Мені осылай жаттықтырған бапкерлеріме де рақмет».

Осылайша жерлестеріміз жалпыкомандалық есепте топ жарды. Екінші және үшінші орынды Қарағанды және Нұр-Сұлтан командалары өзара бөлісті. Айта кетейік, бәсекеге 16 аймақтың спортшылары жиналған еді. Олардың 18-і шымкенттік спортшылар.

Ердәулет ОРАЗБАЕВ, Шымкент қаласы үстел теннисі федерациясының аға жаттықтырушысы: «Меніңше біз өте жақсы нәтиже көрсеттік. Шымкент қаласы үстел теннисі федерациясының жетекшісі Асқар Зауытбекұлына да алғыс білдіреміз. Енді команда жастар ойынына кіріседі».

Жалпы осы жылдың ең жауапты жарысы жастар арасындағы Азия ойыны. Ол жарыс Қытайда қараша айында жалауын көтереді.