Úı ANONS Акцизделетін тауарлар тізбесі толықты

Акцизделетін тауарлар тізбесі толықты

фото ТОӨКҚ
ҚР-ң жаңа Салық кодексіне сәйкес 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап акциздер саласында бірқатар маңызды өзгерістер енгізілді. Бұл туралы өткен брифингте Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Жанама салықтарды әкімшелендіру басқармасы басшысының міндетін атқарушы Жанат Байғұт мәлімдеді.
«Биылдан бастап акцизделетін тауарлар тізбесіне энергетикалық сусындар, құны жоғары жеңіл автомобильдер, кемелер мен әуе кемелері енгізілді. Алкоголь өнімдері, сыра, шарап және темекі өнімдеріне акциз мөлшерлемелері орта есеппен 10 пайызға ұлғайтылды. Сонымен қатар, энергетикалық сусындарға акциз салығы кезең-кезеңімен енгізіліп, оның мөлшерлемесі 2026 жылы литріне 100 теңгеден басталады. Сондай-ақ, 2026 жылғы 1 ақпаннан бастап сыра мен сыра сусындарын міндетті цифрлық таңбалау талаптары күшіне енді. Осыған байланысты кәсіпкерлерге жаңа талаптарды алдын ала зерделеп, қажетті техникалық және ұйымдастырушылық дайындық жұмыстарын жүргізу ұсынылады» — деді спикер.