Түркістанда «Kinopark 4 Turkistan” кинотеатры жұмысын бастады

360

 

Аталған кинопарк облыс орталығында 23-ші болып ашылып отыр. Яғни, бұған дейін Нұр-Сұлтан, Алматы және басқа да жалпы 11 қалада көрермендерді соңғы шыққан жаңа туындылармен қуантуда.

Жалпы, Түркістан қаласындағы кинопарк ішінде 4 зал бар және жалпы саны 446 орынды құрайды. Рухани шаhардағы кинотеатрдың ерекшелігі – дизайнында. Ұлттық ою-өрнектермен көмкеріліп, этно стильде жасалған. Көрермендер күнделікті кестені kinopark.kz сайтынан білуіне болады. Ал, кинотеатрдың ресми ашылуы мамыр айына жоспарланып отыр. Қазірде Түркістан облысы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің Қаулысына сәйкес, отыру орындарына 30 пайызға дейін толтырумен жұмыс істеуіне рұқсат берілген. Сол себепті, келушілерден карантин режимі талаптарын сақтау сұралады.

Одан өзге, “Khanshaiym Palaza” ішінен жуық арада “Funky Town” ойын-сауық орталығы да ашылатын болады.