Экскаваторларды Оңтүстік Корея өндірушілерінен делдалсыз алуға болады

286

Компания First one trade енді арнайы жүкті 5 аптада жеткізу жөнінде Ресей логистикалық компаниясымен ресми келісім шарт түзді. Айта кетейік, бұл компания сапалы тексерілген экскаваторларды делдалсыз жеткізу бойынша ресми экспорттаушы болып табылады.

First one trade тек Оңтүстік Корея нарығында танымал компания емес, ол алыс- жақын елдермен іскерлік қарым-қатынаста жұмыс істейді. Олардың арасында Қазақстан, Өзбекстан, Қырғыстан елдері де бар. Қытай арқылы жүк тасымалы кешіктірілгендіктен компания экскаваторларды Қазақстанға Ресей арқылы жеткізу жөнінде ресми келісім жасады.

Бe Донг ХАН,  First one trade компаниясының өкілі: «Соңғы кездері Қытай арқылы Қазақстанға тасымалдауда проблемалар туындағандықтан біз арнайы техниканы ресми түрде Ресей арқылы жеткізу жөнінде келістік. Бұл транспорт компаниясы жүкті Қазақстанға 5-6 аптада жеткізуге кепілдік беріп отыр».

First one trade компаниясы экскаваторларды Оңтүстік Кореядан тапсырыс бойынша Қазақстанға делдалсыз жеткізеді. Техниканың жағдайы туралы есеп, жеке бейнематериал және техниканы тиеу бойынша фотоесеп клиенттердің әрбіріне жеке ұсынылады.

Бе ДОНГ ХАН , First one trade компаниясының өкілі: «Бізді қолдап, бізбен бірге жұмыс істейді деген үміттеміз және қуаныштымыз. Ал біз өз тарапымыздан арнайы техниканы жеткізу бойынша барлық міндеттерді орындауға дайынбыз».

Туындаған сұрақтар бойынша сіздер компания өкілдеріне жүгіне аласыздар. First one trade  компаниясының Қазақстандағы өкілдері Мойдыновтар ағайындылары болып табылады.

Мекен жайы: Шымкент қ-сы, Достасқан көшесі №1
Телефондары +77058999999
+821037969994
Facebook парақшасы: Спец техника на заказ из Южной Кореи