6506 әскери бөлімінде техникалар арнайы тексеруден өтіп жатыр. Онтүстік қолбасшылығымен арнайы техникалар мен жабдықтар тексерілді. Олар БТР көліктерді, байланыс құралдары мен басқа да жабдықтарды қараудан өткізді.
Бұл көлік байланыс жоқ жерде де байланысты қамтамасыз етіп қана қоймай, арнайы қондырғылар арқылы жаудың хабарламасын да біле алады. Капитан Жәнібек Есенбек жабдықтардың сағат сияқты жұмыс істейді дейді. Хабарласу қолжетімді болмаған аймақтың өзінде байланыс анық және қауіпсіз түрде жетеді.
Жәнібек ЕСЕНБЕК, 6506 әскери бөлімінің капитаны: «Біздің берілген тактикалық нормативтерге байланысты, байланыстың өзінің орнатуы белгілі уақытта беріледі. Сондықтан бізде тұрған әрбір радиостанциялардың өзінің ауқымы бар. Қандай жерде, қандай қашықтықта, қандай уақытпен, қандай адаммен шығуға белгілі бір уақыт беріледі. Сол уақыттың ішінде бізге берілген нормативтің ішінен барлық берілген тұлғалармен байланысқа шығу керекпіз».
Ал бұл басқа техника. Мұнда толықтай тексерілу жүріп жатыр! БТР көліктер барлық жерде дерлік тексереді. Қозғалтқыш, көлем және басқа да бөлшектер қалай жұмыс істейді? Алайда мұның бәрін эфирде көрсетуге болмайды!
Сергей РУСЛЯКОВ, «Оңтүстік» аймақтық қолбасшылығы автомобиль қызметінің бастығы: «Ұрыс техникасы ең алдымен 2 өлшемде бағаланады. Алдымен мазмұны, міне көріп тұрғаныңыздай боялған, металы тот баспаған, ал екіншісі техникалық жағдайы, агрегатор қондырғыларының жұмысқа жарамдылығы, сонымен қатар БТР-дің толықтай жабдықта болуы тексеріледі».
Әскери техниканы тексеру шарасы бірнеше күн бойы жалғасады, осы уақыт ішінде мамандар барлық техникалар мен жабдықтарды жіті тексеруден өткізеді.
Әлихан Файзханов