Шымкентке су жаңа тікұшақ жеткізілді

215
Шымкентке су жаңа тікұшақ жеткізілді

Шымкентке су жаңа әскери тікұшақ жеткізілді. Соңғы үлгіде жабдықталған техника әуе базасына тапсырылып отыр. МИ-171 тікұшағы бақандай 50-ге жуық атыс құралымен жарақталған.

Шымкентке су жаңа тікұшақ жеткізілді

Озық технологияның үлгісі ардагерлер мен жас өрендерге таныстырылды. Бір топ жеткіншек алғаш рет тікұшақты әдеттегідей көктен емес, жақыннан көруге мүмкіндік алды. Осыған дейін ұшақтардың қаңқасымен ғана таныс бүлдіршіндер әуе кемесінің ішіне де бас сұқты.

Шымкенттегі әуе базасына әкелінген МИ-171 әскери тікұшағындағы 50 түрлі ату жүйесін бір мезетте пайдалануға мүмкіндік бар. Ал осы ортаға жиналған соғыс ардагерлері ұрпақтарының әскери ұшақпен бейбіт заманда танысып жатқанына шүкірлік етіп отыр.

Айта кету керек, ТМД елдері бойынша Шымкент әуе базасы үздіктер қатарында. Өткен жылы Авиадартс халықаралық додасында Оңтүстіктің ұшқыштары екінші орынды иеленген болатын. Осы көрсеткішті саралаған ардагерлер тікұшақ кәсіби мамандардың қолына тапсырылғанына көздері жетіп тарқасты.

Ғалымжан Кенжебек