Алматыда Таяу Шығысқа әскери техника жеткізбек болғандар ұсталды

278
фото ҰҚК баспасөз қызметі

ҚР ҰҚК Алматыда арнайы операция жүргізу барысында дәл уақытында Таяу Шығыс елдеріне әскери авиациялық техниканы заңсыз жеткізудің жолын кесті, деп хабаралайды Zakon.kz.

Алынған мәліметтерге сәйкес, ҚР азаматтарынан құралған қылмыстық топ бірқатар шет елдердегі әскери әуе кемелерге орнатылатын авиациялық құрылғыларды мемлекеттен заңсыз алып өтпек болған. Келісім сомасы 122 мың АҚШ долларынан асып түскен. ҚР ҚК 286-бабының 2-бөлігіне сәйкес қылмыстық іс қозғалды.

16-қаңтар күні тергеу шараларының барысында жөнелтуге дайын тұрған құрамдас блоктары бар әскери бұйымдардың бары анықталды. Қылмысқа қатысы бар адамдар ұсталды. Алматының мамандандырылған сотымен оларға қатысты «қамауға алу» шарасы қолданылып, олар ҚР ҰҚКД уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Тергеу жұмыстары жүргізіліп жалғасып жатыр.