Шымкент: Рамазан айында 32 мың отбасыға ауызашар себеттері таратылды

151

Рамазан айында күніне 1000 мұқтаж отбасыға жасалған игі іс өз мәресіне жетті. Қарайымыды шара аясында Шымкентте 32 мыңнан астам отбасыға азық-түлік толы ауызашар қоржындары таратылды.

Айта кетейік, бұл жақсылық челенджін қала әкімдігі бастап, жергілікті кәсіпкерлерді және қайырымды жандарды атсалысуға шағырған еді. Рамазан айының бірінші күні басталған игі іс қасиетті айдың соңына дейін тоқтамай жалғасқан.

Бақдаулет АБДРАХМАНОВ, Шымкент қаласының бас имамы: «Осы биыл біздің жоспарымыз бойынша Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай 30 мың отбасыға Рамазан қоржынын тарату еді. Құдайға шүкір, межемізге жетіп, 32 мыңнан асып міне бүгін соңғы күн. Осы соңғы күнде аяқтап жатырмыз. Жалпы бұл қайырымдылық іс-шарасы жыл 12 ай жалғастырыла береді барлық мешіттерде».

Имамдарға әлеуметтік аз қамтылған отбасылар тізімін әкімдік берген. Тағы мешіттерде тіркелген мұқтаж жандар бар. Рамазан айында бұл тізімдегілер толық қамтылған екен. Дін өкілдері биылғы жылдың жемісті болғанын және Шымкенттің басқа өңірлерге қарағанда ауқымды істерді еңсергенін жеткізді. Сонымен қатар, шаһардың бас имамы тұрғындарды Ораза айт мерекесімен құттықтады.

Бақдаулет АБДРАХМАНОВ, Шымкен қаласының бас имамы: «Барша Шымкент қаласының мұсылмандарын жалпы Қазақстандықтарды қасиетті Рамазан айт мерекесімен шын жүректен құттықтаймын. Бұл мереке мұсылмандарда ең үлкен мерекелердің біріне жатады».

Олжас Айдарбек