Шымкент қаласының тұрғыны Наталья Пилипович өзіне қол ұшын созған полицейге алғысын білдірді. Ара шағып алғаннан кейін әйелдің саусағы осылай ісіп кеткен болатын. Қолындағы жүзігі нерв жүйелері мен тамырларын қысып қалған еді.

Натальяның қолы ауырып, саусағы көгеріп кетті. Әйел жүзігін өз бетінше шеше алмағандықтан, жедел жәрдем шақырмақ болған. Алайда, қоңырау шала алмаған ол көшеге шыққан. Қала тұрғыны бірден полиция қызметкерін көрген. Жұмысынан қайтып бара жатқан Александр Ганибаев жылап тұрған әйелді көріп, оқиғаның мән-жайын білген.

Александр Ганибаев:

Жанына барып, көмек қажет пе деп сұрадым. Ол маған сүлгімен оралған қолын көрсетіп, жыларман халде көмек сұрады. Мен дереу қолдағы құралдарды алып, саусақты жүзіктен босата бастадым.
Наталья Пилипович:

Мені ара шағып алды. Жүзікті шешпеген едім, саусағым ісініп, қатты ауыра бастады. Полиция қызметкерінен көмек сұрадым. Полицей менің қолыма ешқандай зақым келтірмей жүзіктен босатты. Алғыс айтамын.
Сол күні Натальяның қызы Марина Виниченко полиция департаментінің басшылығы мен жеке құрамына арнайы алғыс хат жолдады. Марина полицейлердің азаматтарға деген мейірімді қарым-қатынасы қоғамның қызметкерлерге деген құрметін оятып қана қоймай, Қазақстан Республикасының ішкі істер жүйесінің имиджін көтеретінін атап өтті.

 

QAINAR KÓZШымкент қаласы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі