«Қазақзергердің» көрме-сатылымы жалғасады

635
"Қазақзергер" АҚ

«Қазақзергерде» әшекей заттардың көрме-сатылымы жалғасып жатыр. Дүкен басшылығы жерлестеріміз үшін отандық эксклюзивті өнімдер, бірегей әшекей бұйымдарының көрсетілімін қолға алды. Енді шымкенттіктер үшін жүзік, сырға, алқа сынды мың көркем таспен көмкерілген асыл бұйымдардың жаңа топтамасы қолжетімді. Тұтынушылары үшін 30 пайыздық арнайы жеңілдік қарастырылған.

"Қазақзергер" АҚ

8077

Жарқ-жұрқ еткен жақұт, көздің жауын алған гауһар тас, алтын мен маржан және өзге де бағалы тастармен көмкерілген әшекей бұйымдар. Мұның барлығы да нәзік жанды әйелдер үшін. «Қазақзергер» ұсынып отырған эксклюзивті бағалы дүниелер, алқалар мен сырғалар сәніңізді арттырады. Алмаспен апталып, күміспен қапталған әшекейлер енді жерлестеріміз үшін қолжетімді. Дүкен асыл бұйымдарды сатылым-көрмесіне қойды.

8074 - копия
8076

Айдос Жұмағұлов, «Казақзергер» АҚ вице-президенті: «Біздің кәсіпорын өз қызметін 1941 жылы бастаған. Биыл 74 жыл толып отыр. Осы уақыт аралығында компания өз зауытын ашты. Және сараптама мен сертификат тағайындайтын орталық та жұмыс жасауда. Бұл қызметтердің барлығы да біздің тұтынушылар үшін қолға алынған».

8075

Жүзік, білезік, алқа – бәрінің ұлттық нақышта ғана емес, еурпалық сән үгілері де осында. Мың көркем бұйым «Қазақзергердің» үздік шеберлерінің қолынан шыққан.

Мұнда Ресей, Армения және Қазақстан өндірушілердің сапалы, тұщымды қолөнер туындылары таныстырылуда. «Қазақзергердің» ауқымды шарасына Алматыдан арнайы геммолог-маман – Влад Григорян келді. 40 жылға жуық тәжірибесі бар зергер бірегей дүкеннің өніміне таңдай қаға қарағанын жасырған жоқ.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=jX30nqvWpXE[/youtube]

«Қазақзергердің» әшекей-бұйымдары – әйелдер үшін таптырмас сый. Ендеше, 29 сәуірге дейін өтетін сатылым-көрме аясында мұндағы кез келген бағалы дүниеге 30 пайыздық жеңілдікпен қол жеткізесіз. Зергерлік дүкен Дулати көшесі бойындағы №9 үйде орналасқан.