Александра Капустина Ұлы Отан соғысының ардагері. Жақында ғана коронавирусқа шалдығып, одан айыққан. 98 жастағы кейуана әлі де жігерлі. Оның өзіндік сыры да бар екен. Өткен шақтағы естеліктерімен бөлісуді жөн көрген кейіпкерімздің үйіне біздің түсірілім тобы барып, тілдесіп қайтқан болатын.

Төлебиде тұратын Ұлы Отан соғысының ардагері ұлымен кездесетін сәтті тағатсыздана күтіп жүр. Өйткені пандемияға байланысты туыстары Ресейден келе алмауда. Бірақ телефонмен күн сайын сөйлесіп тұрады. Әлеуметтік қызметкерлер Александра Капустинаға барлық жағдайын жасауға көмектеседі және оған бас-көз боп қарайды. 98 жастаға ардагер өзін сергек сезінеді. Кейіпкеріміз «мейірімді болу – ұзақ өмір сүрудің құпиясы» деп санайды.

Александра Капустина, ҰОС ардагері: «Мен кейбір дүниелерге жайбарақат қараймын. Бәрі келеді, кетеді. Ешқашан ешкімге менің жағдайым нашар, не болмаса маған бірдеңе керек деп шағымданған емеспін. Мен бәрін өзім істейтінмін. Пологи станциясында бізді бомбалады. Мен 1,5 ай ем қабылдап жаттым. Содан кейін мені үйге жіберді, Шымкентке келдім. Мен солай 41 жылдың басын көрдім, содан бері осында ата-анаммен бірге тұрдым…Мен 23 жасымда тұрмысқа шықтым. Менің жолдасым да майдангер болды. 40 жыл бірге тұрдық. Менің балам бар, ол қазір 73-те. Ресейде Томскте тұрады. 2 немерем бар».

Кейуана Леңгір қаласының тумасы. Соғыс басталған кезде Александра Петровна 19 жасқа енді толған еді. Бойжеткен шағында майданға аттанып, бір жарым жылдан кейін Леңгірге қайта оралып, осында қалған.

Пологи станциясында бізді бомбалады. Мен 1,5 ай ем қабылдап жаттым. Содан кейін мені үйге жіберді, Шымкентке келдім. Мен солай 41 жылдың басын көрдім, содан бері осында ата-анаммен бірге тұрдым.

Александр Петровна өзінің жастық шағы туралы күлімдеп еске алады, әрқашан жұрттың назарында болған. Оның жолдасы да соғысты көрген майдангер еді . Ерлі-зайыптылар қырық жыл бірге бір шаңырақ астында бақытты ғұмыр кешкен.

Мен 23 жасымда тұрмысқа шықтым. Менің жолдасым да майдангер болды. 40 жыл бірге тұрдық. Менің балам бар, ол қазір 73-те. Ресейде Томскте тұрады. 2 немерем бар».

Соғыс ардагерінің хал-жағдайын сұрап, үйіне қонақтар да үнемі келіп тұрады. Аудан әкімі жиі келіп, шәймен бірге ішетін тәттілерін ала келеді екен. Сұхбат соңында Александра Петровна ойға алған дүниеңді жасау ешқашан кеш емес, бастысы, бастаған ісіңді соңына дейін жеткізу керек деп кеңес берді.